«Шахтер» ресейлік клубты ірі есеппен жеңді

23.02.2021 01:58 ҚПЛ

Бүгін өткен алғашқы матчта «Шинник» клубына есе жіберген болатын (0:1).

«Шахтер» ресейлік клубты ірі есеппен жеңді

Қарағандылық "Шахтер" бүгін Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қатарынан екінші ойынын өткізді. Әли Әлиев бастаған ұжым ресейлік "Казанка" клубын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Қарғандылық клуб сапынан Максим Галкин, Гидеон Баа, Ескендір Қыбырай бір голдан және Павел Кривенцев дубль авторы атанды.

"Шахтердің" негізгі құрамы: Шацкий, Наджарян, Буйволов, Граф, Баа, Қыбырай, Соломон Удо, Митошевич, Кривенцев, Галкин, Балашов.

Айта кетейік, мәскеулік клубқа қарсы ойын "Шахтер" үшін ОЖЖ-дағы соңғы матч болды.

0 пікір