«Шахтер» сапында украиналық футболшы қаралымда жүр

23.02.2021, 18:56
«Шахтер» сапында украиналық футболшы қаралымда жүр

Украиналық жартылай қорғаушы Виталий Балашов қарағандылық "Шахтер" сапында қаралымда жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы футболшының соңғы клубы ресейлік "Тамбов" болды, онда ол маусымның бірінші бөлігінде жеті матч өткізді. Бірақ ешқандай тиімді іс-әрекетпен көзге түсе алмады.

Бұған дейін жартылай қорғаушы "Ақтөбенің" оқу-жаттығу жиынына қатысқан еді. Футболшы бұл клубта екі жолдастық кездесуге қатысып, екі ойында да гол соға алды, бірақ келісім-шарт жасаспады.

РПЛ-ге ауысар алдында Балашов екі жыл бойы "Олимпик Донецк" клубының намысын қорғады. Ол сондай-ақ "Черноморец", "Говерла", "Висла", молдовиялық "Милсами" және беларуссиялық "Ислочь" командаларында ойнады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×