Ненад Адамович: «Кез-келген қарсыласқа дайын болуымыз керек»

08.04.2021 12:20 ҚПЛ

Ертең «Тараз» өз алаңында «Шахтерді» қабылдайды.

Ненад Адамович: «Кез-келген қарсыласқа дайын болуымыз керек»

9 сәуірде «Тараз» ел біріншілігі аясында өз алаңында қарағандылық «Шахтер» командасын қабылдайды. Матч алдындағы команданың әзірлігі туралы сербиялық легионер айтып берді.

- Ненад, былтырғы чемпионатта сәтті өнер көрсеткен «Шахтер» командасына қарсы дайындық қалай өтуде?

- Негізі, кез-келген матчқа, кел-келген қарсыласқа дайын болуымыз керек. Біз әр ойынға жеңу үшін ғана шығамыз. Оның үстіне бұл кездесу өз алаңымызда өтпек. Жанкүйерлер біздің сәтті ойын көрсеткенімізді күтеді деп ойлаймын. Ол үмітті ақтауға тырысамыз.

- Команда көкпар тамашалап қайтты. Сізге ұнады ма?

- Иә, бұл команданың рухын күшейтуге бағытталған қадам болды. «Таразда» ішкі атмосфера өте керемет. Мұндай іс-шаралар одан әрі біріктіре түседі. Командадағы легионерлер де қазақ дәстүрлеріне қанық болып жатырмыз. Мысалы, мен көкпар деген ойынды өмірімде бірінші рет тамашаладым. Бұл ойынды сіздерде қатты жақсы көретінін, жанкүйерлер қатты қолдау көрсететінін байқадым. Жамбылдық команданың жеңімпаз атанғанына қуаныштымын.

- «Қайратпен» өткен ойыннан кейінгі әсеріңіз қандай?

- Қиын ойын болды, бірақ біз өзімізді жоғалтқан жоқпыз. Бірінші таймда басым болғанымызбен, екінші таймда есептегі басымдықты ұстап қала алмадық. Дегенмен чемпионмен сырт алаңында ойнадық. Лайықты көрсеткіш.

- Ол ойында алматылық ұжым сіздің толық ашылып ойнауыңызға мүмкіндік бермеген сияқты көрінді...

- Әрине, ол командада шеберлігі жоғары орындаушылар бар. Қалыптасып қойған ұжым. Бәрімізге оңай болған жоқ. Бірақ ойынның 15 минутында аздап жарақат алып қалдым. Ойынның қалған уақытын ауырсынып өткізуге тура келді.

- Бірақ «Шахтермен» ойынға дайын боласыз ба?

- Әрине!

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

0 пікір