Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасында тарихи рекорд орнатты

08.04.2021, 15:57
Мбаппе «Барселонаға» үш гол, «Баварияға» екі гол соқты.
Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасында тарихи рекорд орнатты

Чемпиондар Лигасының ширек финалындағы алғашқы ойында "Бавария" "Пари Сен-Жерменді" қабылдады. Кездесу Мюнхендегі (Германия) "Альянц-Арена" стадионында өтіп, 3:2 есебімен қонақтардың пайдасына аяқталды. ПСЖ сапында Килиан Мбаппе дубль жасады, тағы бір голды Маркиньос соқты. Алаң иелері сапында Эрик Шупо-Мотинг пен Томас Мюллер көзге түсті.

УЕФА-ның твиттердегі мәліметі бойынша, париждік клубтың шабуылшысы Килиан Мбаппе бұл кездесуде Чемпиондар Лигасының рекордын орнатты. Француз футболшысы бір маусымда Чемпиондар Лигасының 1/8 және ширек финалы аясында сырт алаңда өткен ойындарда 5 гол соққан алғашқы футболшы атанды.

ПСЖ мен "Бавария" арасындағы қарымта матч 13 сәуірде Париждегі (Франция) "Парк де Пренс "стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×