«SD Family» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

08.04.2021, 05:13
Сабиров «Ордабасы» сапында Дидар Сыдықбекпен бірге доп тепкен екен.
«SD Family» клубы жаңа бас бапкер тағайындады

Екінші лигада Нұр-Сұлтан қаласының атынан өнер көрсететін "SD Family" клубының жаттықтырушылар құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды "Гол Емес" телеграм-арнасы.

Команданың жаңа бас бапкері болып танымал өзбекстандық футболшы Олег Сабиров тағайындалды.

40 жастағы маман ойыншы ретінде "Навбахор", "Дустлик", "Марица" (Болгария), "Карпаты" (Украина), "Атырау", "Жетісу", "Тобыл", "Восток" және басқа ҚПЛ клубтарының намысын қорғады. Ол Өзбекстан құрамасында бес матч өткізді.

Оның алдына Екінші лигада алғашқы орынды иеленіп, Бірінші лигаға жолдама алу міндеті қойылды, сондай-ақ Қазақстан Кубогінің алғашқы кезеңдерінен өту қажет. Бұған дейін "SD Family" клубының тәлімгері болған жас жаттықтырушы Бақтияр Мұхамбетқалиев Сабировтың көмекшісі болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×