Ненад Эрич «Астанада» бапкерлік қызметке тағайындалуы мүмкін

13.01.2021, 18:44
Эричтің елордалық клубпен келісімшарты аяқталды
Ненад Эрич «Астанада» бапкерлік қызметке тағайындалуы мүмкін

"Астана" клубының қақпашысы Ненад Эрич елордалық клубта бапкерлік қызмет атқаруы мүмкін. Бұл туралы "Гол Емес" телеграм-арнасы хабарлады.

Дереккөздің хабарлауынша, "Астананың" бас бапкері Андрей Тихонов Эричке қақпашылар бапкері қызметін ұсынғысы келеді. Ресейлік бапкер оның бойында жақсы қасиеттер бар екенін біледі және Эричтің өзінің жаттықтырушылар штабына қосылғанын қалайды.

Эрич "Астана" сапында он маусым бойы өнер көрсетті. Ол елордалық команданың құрамында Қазақстанның алты дүркін чемпионы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×