Ненад Эрич: «Команда толыққанды дайындалып жатыр»

18.06.2020, 21:01
«Астана» футбол клубы ҚПЛ-ның 2020 жылғы маусымының қайта жалғасуына дайындықтарын пысықтауда. Команда капитаны және қақпашысы Ненад Эрич Vesti.kz сайтының тілшісіне арнайы сұхбат беріп, орын алған үзіліске байланысты және алдағы дайындықтары туралы өз ойын айтты.
Ненад Эрич: «Команда толыққанды дайындалып жатыр»

- Нұр-Сұлтан қаласында дайындық жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Чемпионаттың жалғасқанын асыға күтудеміз. Жақын уақытта қалыпты ойындарға ораламыз деген үміттемін.

- Команда қаншалықты өз бабында?

- Менің ойымша бұл сұрақты бапкерлер құрамында жолдаған дұрыс болар. Ал өзімнен алып қосарым, команда тыңғылықты дайындық жұмыстарын жасап жатыр. Барлығы чемпионаттың тезірек жалғасқанын күтіп жүр. Әрине, барлығы тек бізге байлынысты емес екендігін жақсы түсінеміз. Барлық қабылданатын шешімдер адамдардың денсаулығына деген қамқорлықпен тікелей байланысты.

- Команда жақында қысқа мерзімді демалысқа шыққан болатын. Бұл ұжымға қаншалықты өз әсерін берді?

- Бізге өз отбасымызбен қауышатын мүмкіндік берді. Біз оқу-жаттығу жиыны аяқталғаннан кейін бірден Қостанайға Суперкубок үшін өтетін кездесуге ұшып бардық. Артынша ел чемпионаты басталып кетті. Осылайша, өз отбасымызды, балаларымызды карантинге байланысты жарты жылға уақыт көрген жоқпыз. Ол шын мәнінде өте қиын. Бізге берілген үзіліс командаға моральдық тұрғыда жақсы әсерін берері сөзсіз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×