Қазақ клубтары Еуропа лигасында қалай ойнайды?

18.06.2020, 20:43
Бұл шешім коронавирусқа қатысты болып тұр.
Қазақ клубтары Еуропа лигасында қалай ойнайды?

2020/21 маусымының іріктеу турнирі қалай өтетіні жайлы ақпарат шықты. УЕФА өзінің ресми сайтында жаңа қабылданған шешімді жария етті. Енді биылдан бастап Еуропа лигасының іріктеу жарысында клубтар екі матчтан ойнамайды. Себебі, уақыт тапшы. Бір ғана матч, соның қорытындысы бойынша келесі кезеңге өтеді. Ал ойын қай команданың алаңында өтетіні жеребе арқылы белгілі болады.

Биыл Еуропа лигасына Қазақстан атынан үш клуб қатысқалы отыр. Олар: "Қайрат", "Ордабасы", "Қайсар".

Өтпелі раунд: 20 тамыз

1 іріктеу раунды: 27 тамыз

2 іріктеу раунд: 17 қыркүйек

3 іріктеу раунд: 24 қыркүйек

4 іріктеу раунд: 1 қазан

Групповой турнир: 22 қазан, 29 қазан, 5 қараша, 26 қараша, 3 желтоқсан, 10 желтоқсан.

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі 1 және 2 қазан күндері Афины қаласында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×