Ненад Эричтен бас тартқан «Ақтөбе» командасына жаңа қақпашы қосылды

18.03.2021, 04:13
«Ақтөбе» жаңа маусымға арналған құрамына тек Нарзиқұловты қосқан еді.
Ненад Эричтен бас тартқан «Ақтөбе» командасына жаңа қақпашы қосылды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 26 жастағы қақпашы Владимир Грошев "Ақтөбе" сапында қаралымда жүр.

"Ақтөбе" клубы Жасур Нарзиқұловқа бәсекелес болатын тәжірибелі қақпашы іздеді. Клуб басшыларының Ресей және Беларуссияның қақпашыларымен жүргізген келіссөздері сәтсіз аяқталды, тіпті Ненад Эричті де қарастырды, бірақ нәтижесінде таңдау алматылық "Қайраттың" тәрбиеленушісі Владимир Грошевке түсті.

Бұған дейін Грошев "Оқжетпес" пен "Мақтааралда" да ойнаған. Футболшының соңғы командасы "Атырау" болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×