Никитенко: «Біз өзіміздің нашар тұстарымызды білеміз»

28.09.2020, 18:01
«Тобылға» қарсы өткен кездесуде «Тараз» мүмкіндіктер бойынша фаворит болды.
Никитенко: «Біз өзіміздің нашар тұстарымызды білеміз»

"Тараз" футбол клубының бас бапкері Владимир Никитенко Премьер-лиганың 11-турындағы "Тобылға" (0-0) қарсы өткен кездесу жайлы пікір білдірді.

Бұл матчың бірінші таймы туралы не айтасыз?

 - Ойын тартысты өтті. Біздің командада соңғы турдан кейін қалыпқа келу үшін екі-ақ күн болды. Бұл қарсылас команданың соңғы турдан кейінгі үзілісінен аз. Бірақ жалпы алғанда ойын қарқынына төзе білдік. Дегенмен әуедегі допқа талас соңғы 10 минут ауыр өтті.

Бірінші таймда позициялық күрес көп болса, кездесудің екінші бөлігінде қарсылас қақпасы маңында төрт қауіпті сәт жасалды. Өкінішке қарай, гол соға алмадық, тіпті қақпамызға доп өткізіп алуымыз да мүмкін еді.

Иә, біз өзіміздің жақсы әрі нашар тұстарымыздың қандай екенін білеміз. Солардан шешім шығарып, келесі кездесулерге дайындалатын боламыз.

- Команданың осы ойында қандай нашар тұстарын байқадыңыз?

- Ең әуелі шабуылды аяқтау мәселесі. Статистика бойынша қақпаға қарай соққы бағыттауда 16-11 біздің пайдамызда. Оның үстіне бірінші таймда біздің үстемдігіміз көп болды. Солай бола тұра мүмкіндіктерді голға айналдыра алмай жатырмыз. Мұндай ойындар бізде бірінші рет емес. Осы бойынша жұмыс жасаймыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×