Никитенко: «Матч соңы ойдағыдай аяқталмады»

13.09.2020, 18:22
«Тараз» «Шахтермен» болған ойында 93-минутта гол жіберіп алған болатын.
Никитенко: «Матч соңы ойдағыдай аяқталмады»

«Тараздың» бас бапкері Владимир Никитенко «Шахтермен» өткен ойын туралы пікірімен бөлісті.

Кездесу жеңіл болған жоқ. Бірінші таймда қарсылас қысым жасағандықтан шабуылға шығу қиын болды. Көп күресуге тура келді. Ойынның екінші бөлігінде бірқатар жақсы мүмкіндіктер болды. Соның бірінде бірінші болып гол соғып алдық. Тағы да есепті еселейтін мүмкіндік болды. Бірақ қақпашымен жеке-дара шығып, ол сәтті тиімді пайдалана алмадық.

Матч соңында гол жіберіп алғаннан кейін де тағы бір тамаша мүмкіндік болды. Бірақ ол да сәтсіз аяқталды. Қоржында тұрған екі ұпайды жіберіп алдық деп есептеймін. Жалпы алғанда жекелеген сәттерде ойыншылар үздік шығып, сондай жақсы қарсыласпен тең дәрежеде ойнады. Тек матч соңы ойдағыдай аяқталмады.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×