«Бавария» мен Германия құрамасының қорғаушысы Никлас Зюле жазда «Боруссияға» ауысады. Бұл туралы дортмундтық клубтың ресми сайты хабарлады.
26 жастағы футболшының «Бавариямен» келісім-шарты осы маусымның соңында аяқталғандықтан, ол жаңа командасына еркін агент ретінде қосылады.
«Никластың басқа да нұсқалары, соның ішінде ақша жағынан тиімдірек ұсыныстар болды. Бірақ «Боруссиямен» алғаш сөйлескеннен-ақ ол тез шешім қабылдады. Мен оның батылдығына тәнті болдым», - деді фктболшының агенті.
Еске салайық, Зюле «Баварияға» 2017 жылы «Хоффенхаймнан» ауысқан болатын. Биылғы маусымда неміс футболшысы Германия чемпионатында 18 матчқа қатысып, 1 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET