No Messi, no party!

“Ванкувер” клубы “Интер Майамиге” қарсы ойында Месси мен Суарестің келмеуіне байланысты өз жанкүйерлеріне барлық тағамдарға 50% жеңілдік жасамақшы.

No Messi, no party!

"Интер Майами" клубы өзінің жұлдыз аяқдопшыларын “Ванкуверге” қарсы сырт алаңдағы кездесуге жібермеген екен. Месси, Суарес және Бускетс үштігіне демалып алу үшін уақыт беріліпті. Сол себептен Майами ұжымы аталған футболшыларсыз ойын өткізбек.

“Ванкувер” командасының жанкүйерлері Месси келеді деп стадионды лық толтырған екен. Алайда әлем жұлдызының матчқа келмейтіндігінен кеш хабардар болған “Уайткэпс” ұжымы фанатарының көңіл-күйін түсірмеу мақсатында кездесу барысында сатылатын тағамдардың бар түріне 50% жеңілдік қарастырды. Онымен қоса, 18 жасқа толмаған балаларға кешенді түскі ас тегін таратылмақ. 

Жалпы “Ванкувер” мен “Интер Майами” ойынында 55 мың жанкүйер келеді деп күтілуде. 

 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×