Норвегия құрамасының бас бапкері Столе Сольбаккен Қазақстанмен болатын бәсеке жайлы ойын айтты.
Ұлттар Лигасындағы алтыншы тур аясындағы матч бүгін Осло қаласында өтеді.
«Бұл барлығы үшін, футболшылар мен жалпы Норвегия ұлтына маңызды. Соңғы төрт ойынның үшеуінде үлкен серпіліс болған, ал содан кейін Аустрияға қарсы матчта ойсырай ұтылдық. Словениямен жақсы екі кездесу өткіздік. Бізге Қазақстанмен өткен ойынмен салыстырғанда мүмкіндіктерді көптеп іске асыру керек», - деді Норвегияны тізгіндейтін маман.
Норвегия - Қазақстан кездесуі бүгін 22:00-де басталады. Станислав Черчесов жаттықтыратын ұлттық құраманың бұл осы турнирдегі соңғы ойыны. Қазақстан бес турдан кейін жалғыз ұпаймен Аустрия, Норвегия мен Словениядан кейін соңғы орынға жайғасуда.
Біздің серіктес: FONBET