«Норвич» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірақ бас бапкер қызметінен кетті

07.11.2021, 15:42
Неміс маманы екі рет команданы Премьер-лигаға алып шыққан еді.
«Норвич» осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бірақ бас бапкер қызметінен кетті

"Норвич Ситиді" баптаған 45 жастағы неміс маманы Даниэль Фарке қызметінен босатылды. Бұл туралы клубтың ресми сайтында хабарланды.

Фаркенің жаттықтырушылар штабындағы Эдди Ример, Крис Домогалла және Кристофер Джон да клубтан кетті.

Кеше, 6 қарашада "Норвич" "Брентфордты" 2:1 есебімен жеңді, бұл "Норвичтің" осы маусымдағы алғашқы жеңісі болды.

Фарке англиялық клубта 2017 жылдан бері жұмыс істеді. Неміс тәлімгерінің клубпен келісім-шарты 2025 жылға дейін есептелген еді. Ол "Норвичті" екі рет Англияда екінші дивизион саналатын Чемпионшиптен Премьер-лигаға алып шықты. "Норвич" 11 матчта 5 ұпай жинап, турнирлік кестеде 20-шы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×