«Норвич Сити» Чемпионшипте жеңімпаз атанып, Премьер-лигаға қайта оралды

02.05.2021, 04:30
«Уотфорд» клубы да екінші орын алып, АПЛ-ге жолдама алды.
«Норвич Сити» Чемпионшипте жеңімпаз атанып, Премьер-лигаға қайта оралды

"Кэрроу Роуд" стадионында Чемпионшиптің 45-туры аясында "Норвич Сити" "Рединг" клубын қабылдады. Кездесу 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

12-минутта "Редингтің" жартылай қорғаушысы Джош Лорент есеп ашты, бірақ бұл қонақтар үшін жалғыз гол болып қалды. 30-минутта "Норвич Ситидің" жартылай қорғаушысы Киран Довелл есепті теңестірді. Сондай-ақ ол 64-минутта өз командасын алға шығарды. 78-минутта қорғаушы Хави Кинтилья "Норвичтің" басымдығын нығайтты. Матчтың нүктесін 85-минутта Тьему Пукки қойды.

Осылайша, маусымның аяқталуына бір тур қалғанда "Норвич Сити" 96 ұпай жинап, чемпион атанды. Даниэль Фарк шәкірттері соңғы үш жылда екінші рет чемпиондық атақты жеңіп алды. Айта кетейік, 17 сәуірде "Норвич Сити" 42-тур қарсаңында өткен ойыннан кейін Англия Премьер-лигасына жолдама алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×