Алексей Щеткиннің РПЛ-дағы дебюттік голы «Роторға» жеңіс сыйлады

02.05.2021, 00:29
Щеткин негізгі құрамда шығып, соңғы минутқа дейін ойнады.
Алексей Щеткиннің РПЛ-дағы дебюттік голы «Роторға» жеңіс сыйлады

Волгоградтық «Ротор» Ресей Премьер-лигасының 28-туры аясында «Ахматтан» 1:0 есебімен басым түсті.

Алексей Щеткин алаңға негізгі құрамда шығып, 90 минут бойы ойнады. Қазақстандық шабуылшы матчтың 23-минутында гол соқты. Бұл Алексейдің «Ротор» сапындағы дебюттік голы болды. Ал Дмитрий Шомко матчқа арналған өтінімге енген жоқ. Сондай-ақ «Ахматта» өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров та жарақатына байланысты бұл ойынға қатыспады.

28 турдан кейін «Ротор» Ресей Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 14-ші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×