«Рома» маусым соңында бас бапкерімен қош айтысады

01.05.2021, 22:46
Клуб басшылығы Фонсекаға осы маусымды «Ромада» аяқтауға мүмкіндік берді.
«Рома» маусым соңында бас бапкерімен қош айтысады

"Рома" командасының бас бапкері Паулу Фонсека маусым соңында қызметінен босатылады, деп хабарлайды Corriere della Sera.

Римдік клубтың басшылығы Еуропа Лигасының бірінші жартылай финалдық матчында "Манчестер Юнайтедтен" (2:6) жеңілгеннен кейін қатты ашуланды. Дереккөздің хабарлауынша, "Рома" басшылығымен болған келіссөздерден кейін португалиялық бапкер өз орнын сақтап қалды, бірақ команданы тек осы маусымның соңына дейін жаттықтырады.

Фонсека мансабын Премьер-лигада жалғастыруы мүмкін, бұл бапкерге "Кристал Пэлас" қызығушылық танытуда.

"Рома" 33 турда 55 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде 7-орында тұр. Бұған дейін римдік клубты "Ювентустың" экс-жаттықтырушысы Маурицио Сарридің тізгіндеуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×