Нөсербаев пен Қонысбаев бір клубта

05.08.2020, 20:02
Тәжірибелі шабуылшы шамамен алты ай клубсыз жүрді. «Мақтаарал» басшылығы бұған дейін Нөсербаевпен келіссөздер жүргізген.
Нөсербаев пен Қонысбаев бір клубта

Сонымен қатар, Түркістан облысының командасы белгілі футболшы Ұлан Қонысбаевпен де байланысты. Ұлттық құраманың жартылай қорғаушысы әзірге нақты келісімін бермеген. Клуб басшылығы Ұлан Қонысбаев пен Таңат Нөсербаев секілді тәжірибиелі ойыншыларды жақсы жағынан пайдаланбақшы. Сондай-ақ, "Мақтаарал" клубы командаға басқа да тәжірибелі ойыншылардың барлығын шақырды. Олардың арасында «Тобылдың» бұрынғы шабуылшысы Вячеслав Сердюков пен «Қайраттың» бұрынғы футболшылары - қорғаушы Владимир Седельников пен жартылай қорғаушы Ойбек Балтабаев та бар. 

Сердюков - Қостанай футбол мектебінің түлегі. Ол осыған дейін 2 маусым қатарынан "Алтай "клубында өткізді. Өткен маусымда ол 22 ойында алаңға шығып, 5 голдың авторы атанған. Ал жалпы Вячеслав Сердюков "Аят", "Гефест", "Каспий", "Жетісу" клубтарында өнер көрсеткен. Премьер-лигада 15 ойын өткізіп, 1 гол салған. 

Ойбек Балтабаев өткен жылғы футбол маусымын премьер-лигада бастады. Ол "Ертіс" сапында 3 ойын өткізді. Бірақ, жазғы трансферлік маусым кезінде ол "Алтайға" ауысты. Кейіннен "Екібастұз" футбол клубына трансфер жасады. Ойбек Қазақстан жастар құрамасы сапында 3 ойын өткізген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×