
Футболдан Ресей Премьер-лигасының соңғы туры өтті.
Шешуші 30-турда Санкт-Петербургтың «Зенит» клубында өнер көрсететін Нұралы Әліп пен Максим Самородов доп тебетін «Ахмат» клубтарының жолы түйісті. Алайда жасыл алаңда қос отандасымыз бір-біріне қарсы ойнай алмады. Себебі, Нұралы Әліп қосалқы құрамда қалса, Максим Самородов тек бірінші таймда өнер көрсетті.
Нәтижесінде «Зенит» командасы турнирдің аутсайдері саналатын «Ахматты» 3:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, осы маусымда Нұралы Әліп 19 матчта алаңға (1 гол, 1 нәтижелі пас) шықса, Максим Самородов 24 ойында 6 гол және 4 нәтижелі паспен жеке мансабындағы рекордын жаңартты.
Енді «Ахмат» клубы жоғарғы дивизионда қалу үшін, Бірінші лигада 4-орын алған «Уралмен» күш сынасады.
Біздің серіктес: FONBET