
«Оқжетпес» ойыншылары
Көкшетаулық клуб ҚПЛ чемпионынан басым түсті.
Алматының «Орталық» алаңында өткен кездесуде қонақтар белсенді болды. Нәтижесінде бірінші болып есеп ашып, алға шыққан - 11 метрлік айып добынан команда үздік сұрмергені Дәурен Жұмат мүлт кеткен жоқ (15-минут).
Үзілістен кейін қонақтар есепті еселей түсті. Гол авторы Страхинья Иованович - 53-минут.
Арада бірнеше минут салып «Оқжетпес» кипері қателікке бой алдырып, алаң иелері есеп айырмасын қысқарта алды - 57-минут. Дастан Сатпаев кезекті голын салған. Бұдан арыға «Қайраттың» қауқары жеткен жоқ, матч есебі өзгеріссіз қалды.
Сонымен, Андрей Ферапонтов командасы осы жеңісінің арқасында 17 ұпаймен бесінші орынға көтерілді. «Қайрат» 23 ұпаймен екінші сатыда.
Біздің серіктес: FONBET