Нұралы Әліп РПЛ-дің үздік ойыншысы атануы мүмкін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.04.2024, 15:09

"Зенит" футбол клубында өнер көрсететін Қазақстан Ұлттық құрама командасының қорғаушысы Нұралы Әліп РПЛ маусымының үздік ойыншысы атағына үміткерлердің кеңейтілген тізіміне енді.

Нұралы Әліп РПЛ-дің үздік ойыншысы атануы мүмкін

Сонымен қатар, бұл тізімде Санкт-Петерборлық клубтың Родригао, Страхиня Эракович және Дуглас Сантос секілді футболшылары да бар. Ал жалпы кеңейтілген тізімге Ресей премьер-лигасында ойнайтын 10 футболшы кіреді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бірінші кезеңде журналистер мен блогерлер 30 үздікті іріктесе, 2 мамырдан бастап жанкүйерлер дауыс беру арқылы финалистер тізімін анықтамақ. Естеріңізге сала кетейік, Нұралы Әліп биылғы маусымда "Зенит"сапында барлық турнирлерде 29 матчқа қатысқан. Отандасымыз питерлік клуб қатарында 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×