Симоне Индзаги бас бапкер ретінде алғаш рет Италия чемпионы атанды

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
23.04.2024, 11:16

Италиялық бапкер "Интерді" 2021 жылдан бері жаттықтырып келеді. Симоне содан бері «нерадзуримен» екі рет Италия кубогын (2022 және 2023), үш рет Суперкубогын (2021, 2022, 2023) ұтып алған болатын. Бұдан бөлек, С. Индзаги "Лацио" командасымен де Италия кубогын (2019) және Суперкубогын (2017,2019) жылдары иеленді. 

Симоне Индзаги бас бапкер ретінде алғаш рет Италия чемпионы атанды

Айта кетейік, бүгін түнде Италияның А Сериясының 33-туры аясында өткен дербиде Симоне Индзагидің командасы «Миланды» жеңді. 2:1 есебімен аяқталған матчта номиналды алаң иелерінің сапында Франческо Ачерби (18) мен Маркус Тюрам (49) көзге түсті. Ал «россонеридің» жалғыз добын 80-минутта Фикайо Томори салды. Миландық дербиде үш ойыншының алаңнан қуылғанын да қоса кету керек. «Интер» осы жеңісінің арқасында 5 тур бұрын А Сериясының чемпионы атанды. Бұл – Миландық клубтың Италия біріншілігіндегі 20-шы титулы. Ал осы көрсеткіш бойынша «нерадзури» тек «Ювентусті» (36 титул) алға жіберіп, екінші орын алып отыр. Сондай-ақ, чемпиондық көрсеткіш бойынша үздік үштіктегі «Миланның» еншісінде – 19 титул. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×