Нұрдәулетов “Ақтөбені” жаттықтырмайды

10.05.2025, 11:00

ҚПЛ жанкүйерлері арасында соңғы күндері "Ертіс" клубының бұрынғы бас бапкері Нұрбол Нұрдәулетов "Ақтөбеге" келуі мүмкін деген қауесет тараған болатын. Алайда ресми дереккөздер бұл ақпаратты теріске шығарды.

Нұрдәулетов “Ақтөбені” жаттықтырмайды

“Ақтөбе” клубының басшылығы Нұрдәулетовпен жұмыс істеу мүмкіндігін ешқашан қарастырмаған, қазіргі таңда да ондай жоспар жоқ, бұл нұсқа ішкі талқылау деңгейінде де көтерілмеген.

Қазірше Нұрдәулетов пен "Ақтөбенің" жолы қиылыспайды. Жанкүйерлер арасында тараған ақпарат нақты негізге сүйенбеген. "Ақтөбе” басшылығы басқа жоспарларды көздеп отыр, және бұл бапкерлік бағытқа қатысты нақты шешім әлі қабылданған жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×