Нұркен Мазбаев: «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің қолдауымен бізге қысым жасады»

15.09.2022, 15:36
«Тараз» бапкері қалған алты ойында кеткен ұпайларды қайтарамыз дейді.
Нұркен Мазбаев: «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің қолдауымен бізге қысым жасады»

«Тараздың» бас бапкері Нұркен Мазбаев «Ақтөбемен» өткен матч (0:1) туралы пікір білдірді:

— Біріншіден, «Ақтөбе» футбол клубын және оның жанкүйерлерін жеңіспен құттықтаймын. Ойынның барысын өздеріңіз көрдіңіздер, әрине. «Астана» мен «Тобыл» матчының нәтижесін білгеннен соң, «Ақтөбе» өз жанкүйерлерінің қолдауымен бізге қысым жасады. Біз ол қысымға төтеп беру үшін белгілі бір тактикамен ойнадық.

Ойын шиеленісті болды деп айта аламын. Біздің жігіттер бар күш-жігерін салып ойнады. Бірінші таймда «Ақтөбеде» жақсы бір-екі мүмкіндік болды. Біздің де бір өте жақсы мүмкіндіміз болды. Екінші таймда да біз сол жүйемен ойнауды жалғастырып, қарсы шабуылда өз бағымызды сынап көрдік. Бірақ нәтижесінде гол жіберіп алдық. Ойыншымыздың қателігінен кейін (ол аяғындағы допты тебе алмай қалды) гол салынды. Голдан соң, әрине, «Ақтөбе» матчты жеңіспен аяқтады. Менің ойымша, біз шаршадық. Соңғы ойындарда, әсіресе «Шахтермен» өткен кубоктік матчта 120 минут ойнадық. Біздің қосалқы құрамымыз қысқа деп айтсақ болады. Жастарымыз көп. Оларды мынадай ойындарға шығаруды ойлап жатқан жоқпыз. Себебі шабуыл шебін күшейте алмай жатырмыз. Шабуылшы жетпей жатыр. Енді алдымызда ұлттық құрама ойындарына байланысты үзіліс болады. Сонда күш жинап, қалған алты турдағы бес ойынды өз алаңымызда ойнасақ, сол кезде жоғалған ұпайларымызды қайтарып, жанкүйерлерімізді қуантамыз және жоғары нәтиже көрсетеміз деп үміттенемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×