Андрей Карпович: «Клуб дұрыс бағытта келе жатыр»

15.09.2022, 16:00
«Ақтөбе» үшін барлық кездесу қиынға соғуда.
Андрей Карпович: «Клуб дұрыс бағытта келе жатыр»

«Ақтөбе» командасының бас бапкері Андрей Карпович Премьер-лиганың 20-туры аясында «Таразбен» болған ойынды (1:0) қорытындылады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

- Матч қиын болды, бірақ мен жігіттерді берілген тапсырманы орындағандары үшін шын жүректен құттықтағым келеді. Біз бар назарымызды келесі матчқа аударамыз, біздің ұнжырғамызды түсірген тең ойыннан кейін бүгін үш ұпай алу өте маңызды болды. Жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін рахмет, соңында олар бізге көп көмектесті. Өкініштісі, көп гол соға алмадық. Менің ойымша, қазір біз қуанып, командамыздың жағдайына қанағаттануымыз керек. Екі жыл бұрын команда Бірінші лигада болды, қарыздары шаш етектен еді. Өткен жыл да қиын болды. Ал қазіргі жағдаймыз мүлдем басқаша. Ешқандай қиындық жоқ, тұрақты қаржыландыру бар, стадион толы. Бұл да біздің клубтағы бірлескен жұмысымыздың көрсеткіші. Менің ойымша, клуб дұрыс бағытта келе жатыр. Біз бұған өте қуаныштымыз және қанағаттанамыз. Енді барлық кездесулер қиын болады және тек жеңіске жету керек.

- Не себепті Оразов үшінші матч қатарынан қосалқы құрамда қалды?

- Бұл менің ойын мен стратегияға деген көзқарасым. Қосалқы құрамнан шығып, команданың ойынын жақсарта алу да талант деп білемін. Бұл әркімде бола бермейді. Біз үшін барлық ойыншылар маңызды.

- Уго команданың орналасқан жеріне қашан келеді және қанша уақытта дайын болады?

- Үзілістен кейін 21-і күні жаттығуды жалғастырып, чемпионаттың соңғы бөлігіне дайындықты бастаймыз. Дәл осы уақытта, менің мәліметім бойынша, ол командаға қосылуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×