Лионель Месси Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

15.09.2022, 18:07
Футболшы Роналду мен Бенземаның рекордын жаңартты.
Лионель Месси Чемпиондар лигасының рекордын орнатты

«ПСЖ» командасының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының 2-ші турындағы матчта израильдік «Маккаби Хайфаның» қақпасын дәл көздеп, турнирдің кезекті рекордын жаңартты.

Месси Чемпиондар лигасында 39 түрлі командаға гол соққан алғашқы футболшы атанды. Осы ойынға дейін Лионель Месси мен шабуылшы Криштиану Роналдудың әрқайсысы 38 түрлі команданың қақпасынан саңылау тапқан еді.

Сонымен қатар аргентиналық шабуылшы Чемпиондар лигасында 18 маусым бойы гол соғып, «Реал Мадрид» шабуылшысы Карим Бенземаның рекордын жаңартты (17 маусым бойы).

Ал «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында 16 маусым қатарынан гол соққан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×