«Тараздың» бас бапкері «Ордабасымен» өткен матч (2:3) туралы пікір білдірді:
- Чемпионаттағы үзіліс пен біздің команда ойыншыларының ұлттық құрама кездесулеріне шақырылуы бұл матчқа әсер еткені сөзсіз. Алғашқы 20 минутта концентрация жоғалтып, үш гол жіберіп алдық. Бірақ қайта жиналып, ойынға орала алғаны үшін жігіттерге алғыс айтамын. Екінші таймды барынша жинақы өткіздік. Есеп аййырмасын қысқартып, тіпті соңғы мүмкіндікті сәтті орындағанда тең тарқасар едік. Қарсылас команданы жеңісімен құттықтаймын. Біз қателіктермен жұмыс жасап, жақсы нәтижеге жетуге тырысамыз.
Біздің серіктес: FONBET