«Манчестер Юнайтед» «Аякс» футболшысын қатарға қоспақ

21.06.2022, 16:44
Трансфер құны 50 миллион еуро шамасында болмақ.
«Манчестер Юнайтед» «Аякс» футболшысын қатарға қоспақ

«Манчестер Юнайтед» жақын күндері «Аякстың» вингері Антониді сатып алады.

Mirror басылымының хабарлауынша, футболшының трансферін аяқтау үшін англиялық клубтың өкілдері Амстердамға аттанған. Клубтар 22 жастағы ойыншыны 46,5 миллион еуроға сатып алуға келісті.

Антони «Манчестер Юнайтедтің» жаңа бас бапкері Эрик Тен Хагпен бұған дейін бірге жұмыс істеген. Өткен маусымда бразилиялық футболшы «Аякс» үшін 33 матчта 12 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.

Вингердің голландиялық клубпен келісім-шарты 2025 жылдың 30 маусымына дейін есептелген. Антони «Аяксқа» 2020 жылдың шілдесінде қосылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×