Нұртас Кургулин «Тараз» футбол клубының спорттық директоры болуы мүмкін

18.06.2020, 04:55
Бұл туралы Жамбылдағы футбол жанкүйерлері мен мамандар арасында айтылуда.
Нұртас Кургулин «Тараз» футбол клубының спорттық директоры болуы мүмкін

Жамбыл футбол мектебінің талантты түлектерінің бірі Нұртас Кургулиннің қазір ресми түрде ешқандай қазақстандық клубтармен келісім шарты жоқ. «Тараз» бен «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен оны көп жанкүйер соңына дейін ойнап, қатал мінез көрсете білетін ойыншы ретінде қатты құрметтейді. Алайда, белгісіз себептерге байланысты ол соңғы жылдары клубсыз қалып жүрді. Сол себептен болар, өткен жылдары ол Таразда әуесқойлар лигасында доп теуіп жүр деген әңгімелер шыға бастады. Алайда, жуырда клуб басшылығы ауысқан «Тараз» футбол командасына Н.Кургулин спорттық директор болып тағайындалады деген әңгімелер таралуда. Ал бұл лауазым қазіргі таңда бос орын болып есептеледі.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Пепеленбейік
Келесі жаңалық
Роналду финалда жеңілді
Серіктес жаңалықтары
×