«Ньюкасл» «Борнмуттың» екі бірдей ойыншысын қатарға қосты

08.09.2020, 17:08
Биыл «Борнмут» Чемпионшипте өнер көрсетеді.
«Ньюкасл» «Борнмуттың» екі бірдей ойыншысын қатарға қосты

«Борнмут» шабуылшысы Каллум Уилсон мансабын «Ньюкасл Юнайтедте» жалғастырады.

28 жастағы форвардтың жаңа клубпен келісімшарты 2024 жылдың жазына дейін жасалған. Британдық бұқаралық ақпарат құралдары бұл ауысым «Ньюкасл» клубы үшін 20 миллион еуроға түсті деп хабарлады.

"Ньюкаслдың" маған қызығушылық танытқанын білген сәтте қатты қуандым. Бұл үлкен тарихы бар алып клуб. Командада көптеген жылдар бойы керемет шабуылшылар өнер көрсетті. Мен олардың жасаған жұмысының ең болмағанда бір бөлігін қайталай алсам қуанышты болар едім. Бастысы өзімнің қабілетіме сенемін. Шабуылшы ретінде өзіме ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды қою маңызды деп санаймын. Мен оларға қол жеткіземін деп үміттенемін», - деді Уилсон.

"Ньюкасл" тағы бір "Борнмуттың" ойыншысы Райан Фрейзердің командаға қосылғаны туралы хабарлады. 26 жастағы шотландиялық футболшының клубпен бес маусымдық келісімшарты бар.

Фрейзер «Борнмутта» 2013 жылдан бері ойнап келеді. 2019/2020 жылғы маусымда шотландиялық жартылай қорғаушы Премьер-Лиганың 28 матчына қатысып, бір гол соқты. Ал "Борнмутпен" келісімшарты аяқталғаннан кейін командадан кетті. 2017 жылдан бастап жартылай қорғаушы Шотландия құрамасына шақыртылып жүр.

"Ньюкасл Юнайтед" өткен маусымда 38 ойында 44 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 13-орынға тұрақтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×