«Ньюкасл Юнайтед» осы жазда еркін агент атанатын «Миланның» қорғаушысы және капитаны Алессио Романолиге көз тікті. Бұл туралы Calciomercato басылымы хабарлады.
Дереккөздің мәліметінше, «Милан» 27 жастағы футболшыны командада қалдыру үшін бар күшін салып жатыр. Ал «Ньюкасл» өкілдері қазірдің өзінде Романолимен байланысып, оған ұсыныс жасады. Футболшыға «Лацио» да қызығушылық танытуда.
Бұған дейін Романьолидің клубпен келісім-шартты ұзартпайтыны туралы хабарланған болатын. Романьоли «Миланға» 2015 жылы «Ромадан» ауысты. Италиялық қорғаушы осы маусымда барлық турнирлерде 25 ойынға қатысып, бір гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET