"Ньюкасл Юнайтед" клубты Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры - PCP Capital Partners және Reuben Brothers-ке сату туралы келісімді бұзғаны үшін Англия премьер лигасының басшыларын сотқа берді, деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.
"Құпия сақтау туралы тармаққа байланысты "Ньюкасл" клубтың сатылуына кедергі болған Премьер-лига басшыларына қатысты арбитраждық іс бойынша бұған дейін пікір білдірмеген. Клуб істің материалдарын жарияламайды, бірақ Премьер-лига ұйымдастырушыларына қарсы сот бастағанын растай алады. Басшылар мен олардың "Bird & Bird" компаниясындағы адвокаттарының көзқарасын ескере отырып, істің қашан аяқталатыны белгісіз. Осыған қарамастан, клуб талаптардың әділетті, толық және уақытылы қаралуы үшін барлық мүмкіндікті жасай береді", - делінген хабарламада.
"Ньюкасл" қожайыны Майк Эшли сот барысында клубтың атынан екі адвокат жалдағандығы хабарланды. "Ньюкасл" басшылығының пікірінше, Премьер-Лиганың атқарушы директоры Ричард Мастерстің әрекеті мәміленің жүзеге аспауына әкелді.
Естеріңізге сала кетейік, Англия Премьер-лигасының басшылығы "Ньюкасл Юнайтед" инвесторлардың Сауд Арабиясы үкіметіне тәуелсіз екендігі туралы дәлелдер келтіргеніне қарамастан, клубты сату туралы келісімді бұғаттады. Клуб басшылығы Премьер-лига шешімімен келіспейтіндігін мәлімдеді.
Біздің серіктес: FONBET