«Ньюкасл» жеңісі жалғасуда

24.04.2012, 06:52
«Ньюкасл» жеңісі жалғасуда
    Ағылшын премьер-лигасы шиеленісе түсті. 35 тур ойындары көш басында келе жатқан «МЮ»-ді осындай тығырыққа тірігендей. «Қызыл сойқандар» өз алаңында «Эвертонмен» тең түсіп жағдайын ауырлатып алғандай... Бар тартыс енді қос Манчестірлік команда арасында өрбімек. Бұл ұжымдар арасындағы тартысты ойын сәуір айының 30 жұлдызында «Манчестер сити» стадионында өтеді.    21-22 сәуірдегі ағылшын премьер-лигасының ойындары тартысқа толы болды. Манукуниандықтар тең нәтиже көрсетсе, «Манчестер сити» қонақта  0:2 есебімен жеңіске жетті. Енді екі команда арасын небәрі 3 ұпай бөліп тұр. Лондондық дербилер «Арсенал» мен «Челси» арасындағы ойында екі команда бір-бірінен қақпа саңылауын таппады. Естеріңізде болса, «ақсүйектер» 10 турда «Арсеналдан» 3:5 есебімен жеңіліс тапқан болатын. Ағылшын премьер-лигасында 6 тур қатарынан жеңіс туын желбіретіп келе жатқан жалғыз команда бар. Ол-«Ньюкасл Юнайтед». Бұл турда да барын салған команда өз алаңында «Сток ситиді» 3:0 есебімен ойсырата тізе бүктірді. Осылайша өзінің жеңісті жолымен бұл команда турнир кестесінің төртінші орнында келеді. Алайда «Челсимен» болатын бір ойынды ескеретін болсақ, бұл команда «Арсеналмен» де үзеңгі теңестіріп қалуы ғажап емес. Сонымен 35 тур қорытындысы төмендегідей:   21 сәуір, сенбі
15:45  Арсенал 0
 Челси 0
18:00  Астон Вилла 0
 Сандерленд 0
 
18:00  Блэкберн 2
 Норвич Сити 0
18:00  Болтон 1
 Суонси Сити 1
 
18:00  Фулхэм 2
 Уиган 1
18:00  Ньюкасл 3
 Сток Сити 0
 
20:30  КПР 1
 Тоттенхэм 0
22 сәуір, жексенбі
15:30  Манчестер Юн 4
 Эвертон 4
19:00  Ливерпуль 0
 Вест Бромвич 1
 
19:00  Вулверхэмптон 0
 Манчестер Сити 2
 

Турнир  кестесі

1. Манчестер Юн 35 26 5 4 86:32 83
2. Манчестер Сити 35 25 5 5 87:27 80
3. Арсенал 35 20 5 10 67:43 65
4. Ньюкасл 34 18 8 8 53:42 62
5. Тоттенхэм 34 17 8 9 57:39 59
6. Челси 34 16 10 8 56:38 58
7. Эвертон 34 13 9 12 42:38 48
8. Ливерпуль 34 12 10 12 40:37 46
9. Фулхэм 34 12 10 12 45:44 46
10. Вест Бромвич 35 13 6 16 41:47 45
11. Сандерленд 35 11 11 13 42:41 44
12. Суонси Сити 35 11 10 14 39:45 43
13. Норвич Сити 35 11 10 14 47:60 43
14. Сток Сити 34 11 9 14 32:48 42
15. Астон Вилла 34 7 15 12 35:48 36
16. КПР 35 9 7 19 39:57 34
17. Уиган 35 8 10 17 34:60 34
18. Блэкберн 35 8 7 20 47:73 31
19. Болтон 33 9 3 21 37:66 30
20. Вулверхэмптон 35 5 8 22 34:75 23
  Ең үздік сұрмергендер:
Ойыншы  Команда Г(пен) Г/И
1. Ван Перси Робин Арсенал 35 27(2) 0.77
2. Руни Уэйн Манчестер Юн 31 26(6) 0.84
3. Агуэро Серхио Манчестер Сити 31 22(3) 0.71
4. Айегбени Якубу Блэкберн 27 16(4) 0.59
5. Ба Демба Ньюкасл 30 16(2) 0.53
6. Демпси Клинт Фулхэм 34 16(0) 0.47
  36 турда келесі командалар кездеседі: 28сәуір, сенбі
18:00  Эвертон Фулхэм
18:00  Сток Сити Арсенал
 
18:00  Сандерленд Болтон
18:00  Суонси Сити Вулверхэмптон
 
18:00  Вест Бромвич Астон Вилла
18:00  Уиган Ньюкасл
 
20:30  Норвич Сити Ливерпуль
29 сәуір, жексенбі
16:30  Челси КПР
19:00  Тоттенхэм Блэкберн
30 сәуір, дүйсенбі
23:00  Манчестер Сити Манчестер Юн
   

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×