ОАР құрамасының 25 жасар қорғаушысы өмірден озды

13.12.2020, 22:24
ОАР құрамасының екінші ойыншысы жол апатынан қайтыс болды.
ОАР құрамасының 25 жасар қорғаушысы өмірден озды

Оңтүстік Африка құрамасының қорғаушысы Мотджека Мадиша 25 жасында жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлады Оңтүстік Африка футбол одағының (SAFPU) баспасөз қызметі өзінің Twitter парақшасында.

«Біздің жүрегіміз жаралы. Мотджека Мадиша Йоханнесбургте жол апатынан қайтыс болды. Оның отбасына, достарына және бүкіл футбол қауымдастығына көңіл айтамыз», - делінген хабарламада.

Мадиша «Хайлендс Парк» және «Мамелоди Сандаунз» командаларында ойнады. 2018 жылы қорғаушы Оңтүстік Африканың негізгі құрамасында дебют жасады. Еске салайық, қараша айының соңында Оңтүстік Африка құрамасының қорғаушысы Кэлвин Анеле Нгконгка 33 жасында жол апатынан қайтыс болған еді.

2009 жылдан бастап футболшы Оңтүстік Африка ұлттық құрамасына шақыртылып, 52 матч өткізді, соның ішінде 2010 жылғы әлем чемпионаты, 2013 және 2015 жылғы Африка Ұлттар кубогында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×