Промес төрт жылға дейін сотталуы мүмкін

13.12.2020, 22:50
Промес суық қарумен отбасының бір мүшесіне ауыр дене жарақатын салған.
Промес төрт жылға дейін сотталуы мүмкін

Мәскеулік “Спартактың” экс-футбтлшысы, “Аякстың” қазіргі жартылай қорғаушысы Квинси Промес бүгін таңертең қамауға алынды, деп хабарлайды De Telegraaf.

Промес пышақпен ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен ұсталды. Нидерланды құрамасының ойыншысымен болған жағдай шілде айының соңындағы отбасылық кеште орын алған.

Тергеушінің нұсқасы бойынша, Квинси белгісіз себептермен отбасының бір мүшесімен сөзге келіспей, пышақ жұмсаған. Жарақат алған жігіт суық қарудан зардап шеккенін бір ай бұрын айтып, тергеу жұмыстары басталған. Проместі осыған дейін неге ұстамағаны белгісіз.

Ойыншының қамауға алынғаны жөнінде полицияның ресми өкілі Джелмер Гирдс растады. Кінәсі толыққанды дәлелденетін болса, Промес төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Нидерланды чемпионатының ағымдағы маусымында Промес “Аякс” сапында 12 ойынға қатысып, бес мәрте қақпа торын тулатқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×