Ойын тәртібін бұзбай-ақ  қызыл қағаз алды

06.02.2015, 01:43
Ойын тәртібін бұзбай-ақ  қызыл қағаз алды
«ПСВ-ның» 20 жасар қорғаушысы Джетро Виллемс Голландия чемпионатының тарихындағы ең жылдам қызыл қағаз алған ойыншы атанды. Оны қоя беріңіз, ең қызығы – Виллемс ешқандай ойын тәртібін бұзған жоқ. «Бредаға» қарсы матчтың 32-секундында-ақ Джетро қарсыласынан допты тартып алуға талпынған болатын. Мұны ескерген «Бреда» ойыншысы өтірік құлай кетті. Футболшы бұлтартпастай құласа керек, төреші Виллемске бірден қызыл қағаз көрсетті. Дегенмен, 90 минут бойы он ойыншымен ойнаса да, «ПСВ» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Виллемстің қызыл қағазы матчтан кейін қайта қаралып, бұл ескерту күшін жоғалтты. Демек, Джетро Виллемс келесі матчқа қатыса алады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×