“Оқжетпес” футболшылар мен бапкерлерге 250 млн теңге қарыз

Көкшетаулық “Оқжетпес” клубы Бірінші лигадағы жаңа маусымын 250 млн теңге қарызымен бастамақ, деп жазады Аладоп.кз.

“Оқжетпес” футболшылар мен бапкерлерге 250 млн теңге қарыз

Команданың қарызы туралы мәселені брифингте Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов көтерді. 

"Оқжетпес командасының жалпы қарызы 250 млн теңгені құрап отыр. Аталған қаражатқа клубтың стадионы жөндеуден өтті. Онымен қоса, көкшетаулық футболшылар өз стадионының реконструкциядан өтуіне байланысты барлық ойындарын сырт алаңда өткізуге мәжбүр болды. Бұның барлығы қосымша шығынға алып келді. Сол себептен, бапкерлер мен аяқдопшылар өздеріне тиесілі қосымша ақшаны ала алмаған. “Оқжетпестің” қарыздан құту жолдарын жан-жақты қарастырудамыз".

Айта кету керек, көкшетаулық ұжым жаңа маусым алдында қорғаушылар Виктор Зябко мен Жалғас Жақсылықов, жартылай қорғаушы Захар Порох және шабуылшы Шахмарз Арсамаковпен келісімшартқа отырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×