Ол да кетіп барады

08.03.2014, 19:12
Ол да кетіп барады
Бүкіл әлемде қыз-келіншектер мейрамымен тұспа-тұс келген осы аптада Испания футболы тарихында қалатын, тек қана испанияның ғана емес бүкіл әлемнің назарын аударған екі жағдай орын алып отыр. Екеуі де осы мемлекеттің символына айналған "қос алыпқа" қатысты. Қос алып дегенде "Барселона"мен"Реалды" меңзеп отырғанымызды өздеріңізде түсінген боларсыздар. Апта басында каталониялық клубтың көп жылғы капитаны, "Барселонамен" бірге суыққа тоңып, ыстыққа шыдап берген нағыз патриоты әрі капитаны Карлес Пуйоль осы маусым аяқталысымен клубтан кететіндігін мәлімдеген еді. Бұл осы клубқа, клуб жанкүйерлеріне ауыр соққы болды. Пуйольсіз "Барселонаны" елестету қиын болып тұр. Дегенмен, әңгіме Пуйоль жайлы емес. Карлес Каталониядан кетсе де, футболдан кетпекші емес. Одан гөрі маңыздырақ, меніңше. "Реал Мадрид" дегенде ең алдымен көз алдымызға келетін тұлғаның бірі, осы клубта ең көп ойын өткізген футболшы, осы клубта ең көп гол соққан шабуылшы, осы клубтың нағыз патриоты, осы команданың жүрегі болған нағыз капитаны, өзімен бірге тек корольдік клуб сапында ғана емес әлем футболы тарихында бір дәуірді бір дәуірге, бір буынды бір буынға жалғап тұрған аңыз ойыншы Рауль Гонсалес үлкен футболмен қош айтысатындығын мәлімдеді. 1389283026_raul Дәл осы жаңалық ең алдымен,Мадридке, кейін Гельзенкирхенге, одан кейін барып бүкіл әлемге қатысы бар екендігі сөзсіз. Рауль Испания астанасынан жырақта жүргеніне де төрт жыл бопты. Бірақ, осы төрт жыл оны жанкүйерлер жүрегінен  шығарып тастай алмапты."Реалдың" қақпашысы әрі капитаны Касильяс бүгінгі клуб ойыншылары қатарында ең абыройлысы десек те, оның өзі Раульге жете алмайтыны қазірден белгілі. Бұған дәлел ретінде былтыр жазда "Реал" мен"Аль Садд" арасында болған кездесуді алсақ болатын шығар. Катар жерінде доп теуіп жүрген өздерінің капитандарын көру үшін "Сантьяго Бернабеуге" қаншама халық жиналды десеңізші. Ол бұрынғы командасы мен қазіргі командасында тиісінше бір таймнан ойнап щықты. Ал сол кездесуде Ди Марияның ғажап пасын пайдаланып Рауль гол соққан кезде, бүкіл әлем бойынша бірнеше миллион жанкүйер қуаныштан көзіне жас алған болса керек. b8f797288x500raulg "Реал Мадрид" сапында шамамен 15 жылдай доп тепкен Гонсалес әлем бойынша жанкүйерлердің махаббатын сатып алуға болмайтындығын, оны лотерея ойнап ұтып та алуға болмайтындығын дәлелдеді. Мыңдаған, миллиондаған жанкүйердің жүрегін тек қана жасыл алаңдағы ойынмен, төккен термен, адал еңбекпен жаулап алуға болатындығын көрсетті. "Атлетико" жанкүйерінің баласын "Реалдың" символына айналады дегенді ешкім ойламаған болса керек. Бірақ, әртүрлі жағдайлардың түйісуі нәтижесінде ол корольдік клубтан бір-ақ шықты. Және клубтық карьерасының дәл осылай өрбігеніне өкінбейтін де шығар. Тума талант пен қажырлы еңбектің арқасында ол жетістікке жетті. Жасыл алаңда барын салды. Корольдік клубқа қай кезде де адал болды. Флорентино Перес "Галактикос" шоуын ұйымдастырғанда да ол бәрібір бірінші болды.""Реал" басшылары ең мықты жұлдызды көрмей, басқасының бәрін жинап алды. Ал ол жақын еді. Сол клубта ойнап жүрді"- бұл Алекс Фергюсон бапкердің Рауль жайлы айтқан жылы пікірлерінің бірі. Клубтық дәрежеде мүмкін болған барлық титулды иемденді. 7fa8e4ee75cf Корольдік клубтан кету туралы шешімге аз кем тоқталар болсақ, Раульді кінәлаудың реті жоқ. Футболшының еркінен тыс факторлар сол қадамға мәжбүрледі. Бұл жерде, Моуриньюның да "көмегі" тигендігін айта кету керек. Есесіне Германия футболымен танысты. Қиын-қыстау кезеңде қол ұшын берген "Шалькені" де естен шығармаған жөн. Үлкен алаңдардың үлкен футболынан шаршаған соң, Катарға барып ойнап қайтуды жөн көрді. Материалдық құндылықтар жағын да естен шығармауымыз керек. Отбасы үлкен. Төрт бірдей болашақ футболшы мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Бұл жағынан осы футболшыдан үлгі алса да болады. Бірақ, Рауль туралы әңгіме болған жерде оның ұлттық құрама деңгейінде ештеңеге жете алмағандығы тілге тиек етіледі. Бұл-шындық. 5-6жыл көлемінде әлемде өзіне лайық қарсылас таба алмай жүрген испаниялық жеңімпаз машина құрамына іліге алмады. 2008жылғы Еуроға қатысуға барлық мүмкіндігі болған, 2010жылы да жақсы формада еді. Бірде Арагонес, бірде Дель Боске қажет деп таппады. Сола бола тұрса да, ол Испания үшін барын салды. Оншақты жыл көлемінде дәл осы футболшы "қызыл фурия" өкілдерін алға сүйреді. Ешқандай жеңіске жетпегеннен кейін, мүмкін, бұл нәрсе көзге түспеген де шығар. қалай болған күнде де Испанияның Раульге бергенінен Раульдің Испанияға бергені артық сияқты көрініп тұрады. Soccer - World Cup 2006 Qualifier - European Section - Play Off Second Leg - Slovakia v Spain - Tehelne Pole Stadium Ол футболшылық карьерасын аяқтауға бекінді. Миллиондаған жанкүйерлердің "аладоп ауруымен" ауыруына себепші болған осындай футболшылардың футболмен біржола қош айтысатыны өкінішті-ақ. Алдағы уақытта қандай шаруамен айналысатыны бізге беймәлім. Футболшының өзі бапкерлікке баратындығын сөз арасында айтып та үлгерген. Сондықтан, үлкен футболдан кетуі Раульді Мадрид қаласына қайтаруы мүмкін. Бәлкім, жақын уақыт ішінде Карло Анчелотти тағы бір ғажап көмекші табатын болар. Бір нәрсе анық, Раульді отанында күтіп отыр. Кейбір футбол мамандары, оның ішінде Хорхе Вальдано Гонсалесті "Реал Гвардиоласы" деп те атаған болатын. Егер, мадридтік клубтың бас бапкері тізгіні Раульге тиіп жатса, өзі капитандық еткен жылдардағы "Рауль Мадрид" деген сияқты біршама лақап аттары қайта жаңғырып жатуы да мүмкін. Және бұл футбол жанкүйерлеріне тек қана қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз. Жәнібек Әбішев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×