Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшы (89-80)

08.03.2014, 05:56
Әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшы (89-80)
4 наурыздан, бастап кері санағанда Бразилияда өтетін әлем чемпионатына тура 100 күн қалды. Сіз бен біз сарыла күткен сиқырлы сәтке санаулы ғана уақыт қалған осы ерекше күнде Англияның «The Daily Mail» басылымы әлем чемпионаты тарихындағы әйгілі 100 футболшыны саралап шыққан екен. Енді біз соларды өзіміздің оқырмандарымызға таныстырғалы отырмыз... Өткен санымызда 100-90 аралығындағы футболшыларды таныстырған болатынбыз.  Енді соның жалғасын ұсынып отырмыз...89-80-інші орындардағы аңыз ойыншылар бүгінгі санымызда.   89. Олек Саленко (Ресей) 1994 Five star: Salenko is congratulated by Cameroon legend Roger Milla following his five goals for Russia at USA 94 Олекті әлемге танытқан 1994 жылғы чемпионат болды. Ресей құрамасының алғаш қатысқан әлем чемпонаты болатын бұл. (Бұрын кеңестік одақтың құрамында болған.) Ол әлем чемпионатында гол соққан алғашқы Ресейлік ойыншы. ДӘл осы чемпионатта ол Камерон құрамасына бес бірдей гол соққан. Осылайша ол Ресей құрамасы топтық кезеңнен ары аса алмасада сол чемпионаттың ең үздік сұр мергені атанды. Үш ғана ойынға қатысып чемпионаттың алтын кебісін ұту әзірге дейін Олектің ғана қолынан келген ерлік саналады. (жалпы алты гол соққан.) 88. Хосе Насасси (Уругвай) 1930 Flying high: Jose Nasazzi was the first captain to lift the Jules Rimet Trophy Алғашқы әлем чемпионатындағы алғашқы әлем чемпиондарының капитаны, әрі алғашқы әлем чемпионатының алғашқы алтын доп иегері. 87. Дейна Казимеж (Полша) 1974, 1978 City slicker: Kazimierz Deyna, pictured with his wife Mariola Deyna at Maine Road, signed for Manchester City having starred at the World Cup for Poland Жетпісінші жылдардағы ең мықты жартылай қоғаушылардың бірі. 1974 жылғы әлем чемпионатында Полша командасын бастап үшінші орыннан көрінді. 41 жасында көлік апатынан қайтыс болағаннан кейін,  Полша тарихындағы ең атақты футболшы атанған. 86. Гильермо Стабиле (Аргентина) 1930 Top scorer: Argentina's Guillermo Stabile beats USA goalkeeper Jim Douglas en route to becoming leading marksman in 1930 1930 жылы өткен алғашқы әлем чемпионатында 8 гол соғып, чемпионаттың күміс кебісін(екінші үздік сұр мерген) иеленген. 85. Карека (Бразилия) 1986, 1990 Samba star: Careca in action against Scotland at Italia 90 Өзі қатысқан екі әлем чемпионатында 7 гол соққан. Бұның бесеуін 1986 Мексика жерінде өз еншісіне жазған екен. 84. Карлос Вальдеррама (Колумбия) 1990, 1994, 1998 Hair raiser: Carlos Valderrama starred at three World Cups for Colombia Колумбиялық "арстан" жанкүйер қауымның жүрегінде өзі қатысқан үш әлем чемпионатындағы әдемі ойындарымен және өзгеше шаш үлгісімен қалды. 83. Энцо Шифо (Белгия) 1986, 1990, 1994, 1998 Red alert: Opposition defences were never safe with Belgium's Enzo Scifo in the vicinity Белгия футболының бір дәуірінің көрсеткіші саналатын ол төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан. Сол кездердегі Еуропа футболының аға "ұстаздарының" бірі. 82.  Фабьен Бартез (Франция) 1998, 2002, 2006 Safe hands: Fabien Barthez conceded only twice as France lifted the World Cup in their homeland in 1998 1998 жылы Францияның өз жерінде чемпион атануына Бартездің бір кісілік еңбегі сіңді. Бар болғаны екі ғана гол өткізіп алған ол өз командасының жеңістерге жетуін қамтамасыз етті. 81. Икер Касильяс (Испания) 2002, 2006, 2010 Champion: Spain goalkeeper Iker Casillas lifts the 2010 trophy in South Africa Испания тарихындағы үш бірдей әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш қақпашы. 2010 жылы Африка жеріндегі чемпионатта  қақпасына бар болғаны екі гол ғана жіберген Икер ең соңында чемпион атанды. 80. Освальдо Ардилес (Аргентина) 1978, 1982 On top of the world: Ossie Ardiles (left) takes the ball past Johan Neeskens in the 1978 World Cup final 1978 жылғы әлем чемпионатында өте керемет ойындарымен ел есінде қалды. Кейін "Тоттенхэмде" тер төккен ол англиялық жанкүйерлер назарындағы ең сүйікті аргентиналық ойыншыға айналды.                                                                                                                                                                           Жалғасы бар... Қуанышхан ӨМІРХАН  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×