
Белгілі журналист, танымал комментатор Ербол Қайыров Словакия чемпионатында өнер көрсетіп жүрген отандасымыз Ғалымжан Кенжебектен көлемді сұқбат алды.
«Кошице» клубының намысын қорғайтын жартылай қорғаушы «Қайратпен» қарым-қатынасы, мансабы жайлы жоспарымен бөліскен.
«Қайратқа» жол жабық деп ойлаймын. Сондықтан, ол жаққа хабарласудың еш мағынасы жоқ. Ол жақтан кететін кезде үлкен мәселелер болғандықтан, қайта оралмаймын. Бір жыл бұрын менің «Жеңіспен» келісімшартым болды. Бірақ ол клубта ойнай алмадым. Өйткені сол кезде «Қайратпен» келісімшартым аяқталып жатты. Ал олар менен өтемақы ретінде көп ақша сұрады. Ондай ақшаны мен үшін ешкім төлей алмайды. Сол себепті Кипрге кетуге тура келді, заң бойынша төрт ай сол жақта ойнап, басқа клубқа өтемақысыз ауысу үшін. «Қайратпен» осы мәселе туындаған кезде ағамыз Улугбек Пахридинович [Асанбаев] көмектесті. Ол кісіге үлкен алғыс айтамын. Одан бөлек, өзімнің агентім Мамука (Маму Ломидзе) және Сергей деген агент-досы болды. Солар да көп көмектесті. Әрі қарай да олармен байланысымды үзбеймін деген ойдамын», - деді Ғ. Кенжебек.
Ғалымжан Кенжебек қаңтардан бастап «Кошице» клубында доп тебеді. Словакияның жоғары дивизионында 3 ойында өнер көрсетіп, 1 голдың авторы атанды. Футболшы мен клубтың келісімшарты 2027-жылдың маусымына дейін жарамды. «Кошицеге» дейін кипрдің «Акритас» Хлоракас, «Қайрат», «Жеңіс», «Мақтаарал» сынды клубтардың намысын қорғады. Ғалымжанның нарықтық бағасы 225 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET