«Елімай» - «Астана» кездесуіне болжам

30.05.2025, 14:57

ҚПЛ-дің 11-турының шымылдығын ашатын матч өте қызықты болатын секілді.

«Елімай» - «Астана» кездесуіне болжам
"Елімай" - "Қайрат" кездесуі

Қос командаға да ұпай ауадай қажет. Мәселен, семейліктер мен елордалықтардың теке-тіресі үнемі тартысты өтетіндігімен ерекшеленді. Былтыр «Елімай» чемпионат соңында Григорий Бабаян командасынан әбден зардап шеккен еді. «Астана» алдымен Кубоктік матчта жолын кессе, артынан премьер-лигада да оңдырмай ұтып кетті (Елімай өз алаңында 0:3-пен есе жіберді). Сонымен, биылғы біріншілікте Андрей Карповичтің командасы есесін қайтара ала ма?

«Елімай» бірнеше сәтсіз ойыннан кейін өткен турда күтпеген жерден «Қайратты» қапы қалдырды 1:0. Енді бүгін тағы бір фавориттен айласын асырып көруге тырыспақ. Жалпы, ҚПЛ-де қазір орынтағы шайқалып тұрған бірнеше бапкер бар болса, соның бірі осы семейлік клубты жаттықтыратын Андрей Карпович. Өткенде өзінің «Спартагында» жергілікті жанкүййерлер алдында «Оқжетпестен» масқара болып ұтылғаннан соң (1:3) аймақ басшысы Берік Уәли қазақстандық маманды қырына алды деген ақпарат тарап кеткен. Алайда, клуб басшылығы мұны жоққа шығарып, жаттықтырушыға толық сенім артылатынын мәлімдеген. Қалай дегенде де жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайтыны анық...

«Астана» да біраз сәтсіздіктерден кейін еңсе тіктегендей – дербиде ұтылып жатып «Жеңістің» көптен күткен жеңісін жұлып алды 4:2. Енді бүгін елордалықтар тағы бір сілкініп, ҚПЛ-дің бас жүлдесінен дәмелі екендіктерін дәлелдеуі тиіс. Айтпақшы, «Астана» бүгін жеңіске жетіп, «Ақтөбе» сүрінсе, елордалықтар көш бастауы мүмкін. Григорий Бабаянның әрине бірінші айналымды бірінші орынмен аяқтау мүмкіндігін бекер жібермейтіні анық.  

Біздің болжам – ойынның жалпы тоталы 2.5-тен аз болады. Бұған Fonbet.kz букмекерлік кеңсесі 1.85 коэффициент береді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×