«Жеңіс» - «Ордабасы» ойынына болжам

30.05.2025, 16:56

Өткен турда ұтылған екі команданың кездесуі тартысты өтетіні анық.

«Жеңіс» - «Ордабасы» ойынына болжам
"Астана" - "Жеңіс" кездесуі

Бұған бірнеше себеп бар – жақсы серияда келе жатқан «Ордабасы» 10-турда ойламаған жерден «Ұлытаудан» опық жеді. Сол ойыннан кейінгі жиында Андрей Мартин шымкенттік команданың құрамында «пайдасыз» футболшылар барын ашып айтқан. Енді бүгін молдовалық маманның сол сөзінен кейін «Ордабасы» ойынынан бір өзгеріс күтіледі. «Жеңістің» де жағдайы мәз емес, маусым басында елордалықтар тең ойынымен есте қалса, соңғы кезде соның өзіне зар болып барады. Пиралы Әлиевтің шәкірттері соңғы алты матчтың төртеуінде жеңіліске ұшыраған. Мұндай дағдарыстың нәтижесі көп күттірген жоқ - қазақстандық маман орнынан кетеді екен, ал оның орнынан украиналық бапкер Андрей Демченко келуі мүмкін деген ақпарат тарап кетті.  

«Ордабасы» қатарынан төрт ойынды жеңіспен аяқтап, сұрапыл серия ұсынып еді, көш соңындағы «Ұлытау» өткен аптада шымкенттік жанкүйерлердің көңілін су сепкендей басты. Сол ойыннан кейін Андрей Мартин жағдайды түзейміз деп біраз басу айтқандай болды. Команда құрамына қатысты үлкен мәселені де көтерген. Шымкенттіктер өткенде ел кубогінің жартылай финалына шықты. Дәл қазір премьер-лигада 14 ұпаймен жетінші тұр. Егер жақын арада тағы ұпайдан шашау шығаратын болса, алғашқы үштіктегі командаларды қатты ұзатып алады. Ал бұл мұндай амбициялы ұжым үшін кешірілмейтін фактор. Жанкүйерлері «Ордабасыдан» үнемі жоғары нәтиже, жүлде күтеді.

Біз бұл кездесудің жалпы тоталы 2-ден көп бола ма деп топшылаймыз. Біздің серіктес - Fonbet.kz букмекерлік кеңсесінде сіздер осы нұсқаға 2.08 коэффициентімен бәс тіге аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×