Бразилияның атақты «Оле Бразил» футбол мектебінде тәлім алып қайтқан қазақстандық балалардың бір тобы Пеленің отанында алған тәжірибелерін енді астана лық клуб құрамында жетіл діре бермек. Оларды Брази лияда жаттықтырған Тиаго Коз лоски де Астанаға ша қы ры лып, қазақ футболы ның жасөспірім буынын тәрбиелеу жұмысын жалғас тыратын болды.
Доп тебуді Пеленің еліне барып үйреніп келген сол балалардың бұдан әрі қарайғы «тағдыры» қалай болатындығы кеше ҚР Туризм және спорт министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. «Біз Астана қаласының әкімдігімен және футбол федерациясымен олардың шеберліктерін әрі қарай шыңдай түсу үшін қажетті жағдай жасау мақсатында меморандум қабылда дық. Сондай-ақ Астана әкімдігі мен Туризм, дене шынықтыру және спорт басқарма сының бастамасымен бразилдік бапкер Тиаго Козлоскиді шақыру туралы да шешім қабылданды. Ол «Оле Бразил» мектебінде қазақстандық оқушыларды үш жыл бойы жаттықтырған болатын», – деді баспасөз мәслихатына қатысқан Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитетінің төраға сы Елсияр Қанағатов. Елсияр мырзаның сөзінен мәлім болғанындай, әйгілі мектепті бітірген 15 жас жеткіншекпен бірінші лига да ойнайтын «Астана-64»» футбол клубы қазірдің өзінде-ақ шарт жасап үлгерген. Осы клубтың директоры Ғалым Ибраев бұл балалардың отандық футбол мектеп терінің түлектерінен дараланып тұратынын бірден байқапты. Оның айтуынша, Брази лияда тәлім алған түлектер футболды дұ рыс үйренген. Және ең бастысы, балалар өздеріне түскен дене қимылы жүктемесіне сай, дұрыс әрі толыққанды тамақтанып отыр ған. Өйткені мында жүктемеден кейін ба лалардың бәрі бірдей толыққанды, дұрыс ас-ауқатпен қамтылмаса, оның сал дары спортшыға әсер етеді. Бір жылдан ке йін емес, үш-төрт, тіпті бес жылдан кейін білінеді.
Рауан Сариев Бразилияда қалды
Еске сала кетейік, 1994 жылы туған 26 жет кіншекті әлем көз тіккен футбол ойыны ның қыр-сырын үйреніп келуі үшін Брази лияға 2009 жылы аттандырған едік. Үш жыл жаттыққан жасөспірімдеріміз сонда жүріп, 166 ойын өткізіп, соның 122-сінде же ңіске жетіпті. Тіпті сегіз бірдей чемпио нат қа және жеті турнирге қатысып, соның бірінде жеңімпаз атанған олар бразиялық тар үшін шағын сенсация да болған. Осы лайша көзге түскен өрендері міздің бірі Ра уан Сариевке жергілікті клубтардың қы зы ғушылығы туғанын айту керек. Атап айтсақ, Рауанға Белу-Оризонти қа ласының «Атлетико Минейро» деп атала тын клубы құда түсіп, үш жылға келісім шарт жасаған. Осы жаңалықтың өзі-ақ бұл өрендеріміздің болашағынан үлкен үміт күтуге болатынын байқатса керек.
Бразилдік тәлімгерлерге бәс жоғары болып тұр
Айтпақшы, жаңа құраммен толыққан соң, «Астана-64» клубының болашағына қа тысты үкілі үміт те жоқ емес. «Біз бәрін абай лап көреміз. Ойын қалай шығады, жо баның өз аяқалысы қалай болады деген дей. Ал егер, бәрі жақсы болса, екін ші айналымда, әрине, чемпионат жүл де герлері қатарына кіру міндеті қойылмақ. Ал ғайыптан тайып, чемпион бола қалсақ, пре мьер-лигада жалғастырған жөн бе, әл де жүлдегерлерге өз орнымызды босатып, бі рінші лигада қаламыз ба, оны маманда ры мыз саралайтын болады», – дейді Аста на қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Айталап Қорғамбаев.
Үш жыл бойы туған елден жырақ, жат жерде жаттығып әрі білім алған балаларға оңай болмағаны да анық. Өйткені олардың жалпы білім беру бағдарламасынан да тыс қалмас үшін сол жерде португал тілінде сабақ оқуларына тура келген болатын. Енді еліміздің білім беру бағдарламасына сәй кес, олардың алдында отандық Ұлттық бір ың ғай тестен өту мәселесі тұр. Елсияр Қа на ғатов мырзаның атап өткеніндей, бұл мә селе, яғни балалардың ҰБТ тапсыру жайы қазір Білім және ғылым министр лі гімен жан-жақты талқыланып жатыр.
Р.S. «Астана-64» клубымен шарт жасасқан 15-тен өзге, «Оле Бразилде» тәлім алған басқа балалар да футболдан тыс қалмайды. Олар өңірлік футбол клубтарына кандидат ретінде қарастырылып отыр.
Автор:
Айбын БАҚЫТҰЛЫ