Оле Гуннар Сульшер: бұл командаға дәрі көмектеспейді, оған ота жасау керек

15.04.2025, 14:13

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов өнер көрсететін стамбулдың «Бешикташында» жағдай мәз емес.

Оле Гуннар Сульшер: бұл командаға дәрі көмектеспейді, оған ота жасау керек
Бахтиер Зайнутдинов "Бешикташ" сапында

Түркиялық ұжым Суперлиганың соңғы 5 кездесуінің біреуінде ғана жеңіске жетіп, үшеуінде ұтылған.  Өткен демалыста «Истанбул Башакшехирден» ұтылған соң (0:2) бас бапкер Оле Гуннар Сульшер клубтың сәтсіздігіне қатысты мынадай ой айтқан болатын;

«Бұл командаға дәрі көмектеспейді, оған ота жасау керек», - деді норвегиялық маман Milliyet басылымына берген сұқбатында.

Стамбулдық клуб жазда бірқатар футболшымен қош айтуысуды жоспарлап отырған көрінеді. Норвегиялық маман Бахтиер Зайнутдиновпен бірге Чиро Иммобиле, Окслейд Чемберлен және Артур Масуаку секілді тағы бірнеше ойыншыға сенім артпайтынын ашық айтып отыр. Десе де, бұл соңғы шешім емес – «қара» тізімге енгендерге Түркия Суперлигасының қалған 9 турында соңғы мүмкіндік берілмек. Осы аралықта аталған футболшылар өздерін жақсы қырынан көрсете алса стамбулдық клубта қалады.

Бахтиер Зайнутдинов биылғы маусымда «Бешикташ» сапында 9 ойынға ғана қатысты. Футболшы мен түркиялық команданың келісімшарты 2027-жылдың 30-маусымына дейін жарамды.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×