Olimpbet «Премия РБ 2024» байқауында Қазақстанның үздік букмекерлік кеңсесі атанды

Ермұхамед Мәулен
Ермұхамед Мәулен
Бас редактор
08.04.2024, 12:14

Қазақстандық компания спорт және букмекерлік саласындағы халықаралық сыйлықты екінші рет мәртебелі иеленіп отыр.

Olimpbet «Премия РБ 2024» байқауында Қазақстанның үздік букмекерлік кеңсесі атанды
Olimpbet

Мәскеуде «Премия РБ 2024» спорт және букмекерлік саласындағы сыйлықты бесінші мәрте тапсыру рәсімі өтті. «Букмекерлік рейтинг» веб-сайты ұйымдастырған бұл шара саладағы ең маңызды оқиғалардың қатарына жатады және жергілікті әрі халықаралық нарық қатысушыларының үнемі назарында.

Olimpbet өзінің көшбасшы мәртебесін растап, Қазақстанның ең үздік букмекерлік кеңсесіне айналды. Компания бұл атақты «Премия РБ» сыйлығы үшін бәсекеде екінші рет еншілеп отыр, осылайша бәс тігу және спорт индустриясын қолдау бағытындағы өз әлеуетін байқатты. Ұйымдастырушылардан ескерткіш мүсінді Olimpbet даму жөніндегі директоры Константин Гусев қабылдады.

Еске сала кетейік, Olimpbet бұған дейін «Жыл таңдауы-2023» жүлдесінде Қазақстан спортының стратегиялық инвесторы атанған болатын. Сондай-ақ «Бәс тігуге арналған №1 қосымша», «Бәс тігудегі ең әділ бағдарлама» номинацияларын да жеңіп алып, екінші жыл қатарынан Қазақстандағы №1 букмекерлік кеңсе атанды.

Сонымен қатар, Olimpbet 28 наурызда Астанада өткен Metaratings Top Awards салтанатында екі аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінді. Компания сыйлықтың негізгі номинациясы – «Үздік букмекерлік кеңсе» бойынша бәсекелестерін басып озды, бұдан бөлек «Халық букмекерлік кеңсесі» номинациясында жеңімпаз деп танылды.

Дереккөз: Olimpbet Arena

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0

Тегтер:

футбол
Серіктес жаңалықтары
×