Ішкі біріншіліктің 2-тур кездесулерінде өзін жақсы қырынан көрсеткен футболшылардан үздіктер құрамасы құрылды, деп жазады Аладоп.кз
Қақпашы:
Никита Калмыков, “Жеңіс”
2 сейв жасап, «Жеңістің» 3 ұпай алуына үлес қосты. 2-турда ойынға араласқан ең белсенді қақпашы. 39 мәрте пас алмасты.
Сол қапталдағы қорғаушы:
Роман Асранқұлов, “Тобыл”
1 нәтижелі пас берді. «Тобыл» сапында ең көп допқа (21 мәрте) таласқан футболшы.
Орталық қорғаушы:
Владиславс Сорокинс, “Қызыл-Жар”
«Қызылжардың» сырт алаңда гол жібермеуіне үлес қосты. 1 нәтижелі пас берді. «Қызылжар» сапында ең көп дұрыс 53 пас берген ойыншы.
Орталық қорғаушы:
Темірлан Ерланов, “Ордабасы”
Қарсыластан ең көп 6 мәрте допты тартып алды.
Оң қапталдағы қорғаушы:
Еркін Тапалов, “Тобыл”
1 нәтижелі пас және 1 гол. Бірнеше жылдан кейін соққан голы осы турда үздіктердің қатарына кірді.
Жартылай қорғаушы:
Евгений Березкин, “Қызыл-Жар”
«Қызылжар» сапында дубльдің авторы атанды.
Жартылай қорғаушы:
Макс Эбонг, “Астана”
Соңғы минуттарда Ян Вороговскийге нәтижелі пас шығарды. Оның берген дұрыс пастары 91%-ды құрады.
Жартылай қорғаушы:
Гиорги Зариа, “Қайрат”
«Тұран» клубын жеңе алмаса да, Грузия футболшысы гол соғатын 3 бірдей мүмкіндікті туындатты.
Шабуылшы:
Эльхан Астанов, “Астана”
2 ойын қатарынан гол соқты. Қайта өз бабына келе бастады.
Шабуылшы:
Арб Манай, “Қайрат”
Қарсыластың қателігін ұтымды пайдаланған футболшы ойындағы жалғыз әрі жеңіс голын соқты.
Шабуылшы:
Борис Цмилянич, “Қызыл-Жар”
«Қайсарға» гол соқты. Оның берген 13 пасы 100% көрсеткішті құрады. Әуедегі допқа ең көп 13 рет таласқандардың қатарына кірді.
Айта кететіні, “Тобылдың” оң қаптал қорғаушысы Еркін Тапалов 2-тур қатарынан үздіктер қатарынан табылуда. “Тобылдың” жаңа маусымдағы алғашқы кездесуінде ол қарсыластың шабуылдарынан сәтті тосқауыл болып, 6 мәрте допты тартып ала білді.
Біздің серіктес: FONBET