"Челси" мен Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру Лондондық клубтан қысқы трансферлік кезеңде кетуі мүмкін.
The Athletic-тің хабарлауынша, "ақсүйектер" 34 жастағы футболшының кетуіне қарсы емес. Себебі Жиру Еуро-2020 турнирі басталмас бұрын көп ойын уақытын алғысы келеді. Осыған байланысты Лондондық команда, егер Оливье өзі сұранса, футболшыны қалдыру нұсқасын да қарастыруға дайын. Ойыншының айтқан сөздеріне қарағанда, бұл нұсқаның орын алу мүмкіндігі өте аз.
Жиру 2018 жылдың қаңтарында "Арсеналдан" ауысып келген еді. 34 жастағы француздың трансфер сомасы 17 миллион еуроны құрады. Оливье мен "Челси" арасындағы қазіргі келісім 2021 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Оливье Жиру 2018 жылы Франция құрамасымен бірге әлем чемпионы атанды. Ал "Челси" сапында Еуропа Лигасында топ жарды.
Біздің серіктес: FONBET