Оливье Жиру мансабын Бекхэмнің клубында жалғастыруы мүмкін

22.11.2020, 21:48
Жиру жазда болатын Еуропа чемпионатына барғысы келеді.
Оливье Жиру мансабын Бекхэмнің клубында жалғастыруы мүмкін

"Челси" мен Франция құрамасының шабуылшысы Оливье Жиру мансабын МЛС-те жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, Англияның бұрынғы капитаны Давид Бекхэм иелік ететін "Интер Майами" клубы 34 жастағы француз футболшысына қызығушылық танытып отыр. Жиру Еуропа чемпионаты алдында "Челсидегі" ойын уақытына наразы. Бұған дейін Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам қаңтар айына қарай Жирудың ойын уақыты көп болады деген үмітін білдірген болатын.

Жиру "Челсиге" 2018 жылдың қаңтарында "Арсеналдан" ауысып келді. Футболшының трансферлік құны 17 миллион еуроны құрады. Қазіргі кезде француз футболшысы мен ағылшын клубы арасындағы келісім 2021 жылдың жазына дейін есептелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×