Украина құрамасының қорғаушысы «Манчестер Юнайтедтің» назарына ілікті

22.11.2020, 21:58
Трансферлік құны 13 миллион еуроны құрап отыр.
Украина құрамасының қорғаушысы «Манчестер Юнайтедтің» назарына ілікті

"Манчестер Юнайтедті" "Динамо Киев" клубы мен Украина ұлттық құрамасының қорғаушысы Виталий Миколенко қызықтырады, деп хабарлайды The Athletic басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, 21 жастағы футболшы сатып алу нұсқасымен "қызыл сойқандарға" жалға берілуі мүмкін. Transfermarkt порталы Миколенконы 13 миллион еуроға бағалады. Украина Премьер-лигасының осы маусымында Виталий алаңға жеті рет шығып, бір нәтижелі пас берген. "Динамо Киевтің" негізгі командасында 2017 жылдан бері ойнайды және осы клубтың тәрбиеленушісі.

"Манчестер Юнайтед" Премьер-лиганың осы маусымының сегіз турында 13 ұпай жинады және турнир кестесінде 9-орында тұр. Сульшер шәкірттері келесі кездесуін Чемпиондар лигасында "Истамбул Башакшехирге" қарсы өткізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×